Дзюдошыларымыз елорда татамиінде 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды.
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025: Қазақстан құрамасы турнирді төрт жүлдемен бастады
Фото: Туризм және спорт министрлігі
217
оқылды

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 5-орынға жайғасты.

Жүлдегерлер қатарында тәжірибелі спортшылармен қатар жас дзюдошылар да бар. Атап айтқанда, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) пен Талғат Орынбасар (60 кг) күміс медаль иеленсе, Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алды.

Айта кетерлігі, бұл турнир Талғат пен Аман үшін ересектер сапында алғашқы әлемдік жарысы және алғашқы жүлдесі.

Алғашқы күннің нәтижесі бойынша Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы (2 алтын, 1 күміс) көш бастаса, Франция (1 алтын) құрамасы екінші орынға, Германия (1 алтын) спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирі 11 мамырға дейін жалғасады. Жарыс Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Биылғы бәсекеге 44 елден 358 спортшы қатысып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.