Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ.
Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар.
Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Әсіресе мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.