Ресми Исламабад мұны «Үндістан тарапынан жасалған шабуылға қарымта жауап» деп атады. Әскери операция кезінде Үндістанның әскери нысандарына соққы жасалған. Оның ішінде зымырандар қоймасы мен Адампур әуе базасы атқыланып, жойылғаны айтылады.
Пәкістан күштері әскери нысандардан бөлек Үндістанның Кашмир аймағындағы кей әкімшілік ғимаратты нысанаға алған. Салдарынан осы өңірдің даму комиссары Радж Кумар Таппа қаза болды. Тағы екі шенеунік жараланды. Пәкістан тарапы бұдан бөлек Джамму және Кашмирдегі Пундж, Раджури және Патханакот аудандарын бомбалаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.