12 мамырда Астанада Халықаралық волонтерлер жылына дайындық және оны өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтеді, – деп хабарлады qazaqstantv.
Халықаралық волонтерлер жылын өткізуге дайындық басталады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
248
оқылды

Жиынға БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және волонтерлік бірлестіктер өкілдері қатысады.

Қазір Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым бар, ал еріктілер саны 275 мыңнан асады. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.