Әрбір ата-ана, жүргізуші және жаяу жүргінші — баланың амандығы үшін жауапты. Бұл туралы POLISIA.KZ хабарлайды.
Жүргізушілерге үндеу
Жылдамдықты шектеңіз — әсіресе мектеп, балабақша, аула маңында.
Балалар жолға кенеттен жүгіріп шығуы мүмкін — әрдайым мұқият болыңыз.
Жаяу жүргінші өткеліне жақындағанда тоқтауға дайын болыңыз.
Автокөлікте бала қауіпсіздігі үшін арнайы орындық пен белдік қолданыңыз.
Ата-аналарға үндеу
Балаға жолда қалай жүру керегін үнемі түсіндіріп, қайталап жүргеніңіз абзал.
Қауіпсіз ойын алаңдарын таңдаңыз.
Жолдан өткенде балаңызды міндетті түрде қолынан ұстаңыз.
Балаларға ескерту
Жол — ойын алаңы емес!
Жолдан тек ересектермен бірге және арнайы жерден ғана өтіңіз.
Көлік тоқтағанына көз жеткізбей жолға шықпаңыз.
Көшеде әрдайым сақ болыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.