Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан жүлде үшін күреседі
Фото: ҰОК
257
оқылды

Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Батзая Ерденбаярды сенімді түрде жеңді. Енді ол Михеили Бахбахашвилимен өзара мықтыны анықтайды.
Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Чунхванға есе жіберді. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін өтетін белдесуде Италия спортшысы Мануэль Парлатимен кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.