Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты өтуде. Сайыста Сергей Емельянов жеңімпаз атанды.
Сергей Емельянов 10-шы рет Азия чемпионы болды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
471
оқылды

Каноэ спортынан 500 метрде жұптасып жарыста Руфина Искакова екеуі мәре сызығын алғашқы болып қиды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Айта кетсек, былтыр Жапония астанасы Токио қаласында өткен лицензиялық құрлық чемпионатында Сергей мен Руфина аталған қашықтықта чемпион атанған болатын.
Осылайша Сергей Емельянов өз мансабында оныншы мәрте құрлықтық доданың жеңімпазы атанып отыр.

Қазірге дейін биылғы құрлықтық додада қазақстандық спортшылар екі алтын алып үлгерді. Байдаркамен 500 метр қашықтықтағы жарыста Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко чемпион атанса, Ольга Шмелёва әріптесі Ирина Подойниковамен бірге байдаркамен жұптық сында 500 метрге жарыста жеңімпаз атанды.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасынан байдаркамен жарыста Стелла Суханова, Бекарыс Раматулла екінші орынға тұрақтады. Каноэде 500 метрге ескек есуде отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.