Осыған қатысты Парламент жаңа заң жобасын қарап жатыр.
«Әділет министрлігі Парламент депутаттарымен бірге атқарушылық іс жүргізу механизмдерін жетілдіруге, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі. Атап айтқанда, ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алуға қойылатын талаптарды қатаңдатуды, оқудан (біліктілігін арттырудан) өту мерзімдерінің кезеңділігін (3 жылдан 2 жылға дейін) қысқартуды, жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларын міндетті аттестаттауды енгізуді, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгілеуді, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын (6 айға дейін) алып тастауды жоққа шығаруды, әкімшілік шараларды қолдануды, сот орындаушысының іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді, – деп жазады Олжас Бектенов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.