«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.
Балама тегін жол "Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шонжы – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.
Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.