Қола медаль үшін өткен белдесуде Есет Қуанов грузиялық Михейли Бахбахашвилиді жеңдіб
Есет Қуанов Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
olympic.kz
892
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуаны Есет Қуанов Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Есет Қуанов грузиялық Михейли Бахбахашвилиді жеңді.

Сондай-ақ, бүгін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін италиялық Мануэль Парлатимен белдеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз