Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді мерзімінен бұрын жеңді.
Абылайхан Жұбаназар – Астанадағы Grand Slam жарысының қола жүлдегері
olympic.kz
291
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, спортшымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Есет Қуанов (73 келіге дейін) қола жүлде иеленген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз