Зардап шеккендер жоқ
ТЖМ өрт сөндірушілері 13 адамды эвакуациялады
istockphoto.com
824
оқылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында Володарский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 13 тұрғын эвакуацияланды.

- Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз