"Алдымен шектеу қоятын жігіттермен араласпауға тырысамын", - дейді актриса.
«Жігітке бір ғана талап қоямын»: Әсел Асқар жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/ assel.askar
1,408
оқылды

Актриса, блогер Әсел Асқар қандай ер-азаматқа күйеуге шыққысы келетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Мира Ахмадиге берген  сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта тұрмысқа шығуды жоспарлап жүргенін жеткізді. 

“Қазір менің жасым ең керемет жастың бірі. Қартайып та тұрған жоқпын. Алайда басымнан көп дүние өтті. Егер менімен болашағын байланыстырғысы келетін адам болса, менің қарсылығым жоқ. Мен блогтарымда жігіт туралы айтсам, ешкім сенбейді. Өйткені бәрі әзіл деп қабылдайды. Бірақ жігітке қоятын бір ғана талабым бар: менен көп ақша табуы керек. Ер-азаматтың әйелінен көп табуы оның жауапкершілігін білдіреді”, – дейді блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.