Бұл - Бекзаттың UFC-дегі алғашқы жеңісі.
Бекзат Алмахан UFC тарихындағы Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты тіркеді
prosports.kz
3,424
оқылды

UFC 315 турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан канадалық Брэд Катонаны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бекзат Алмаханның кәсіби рекорды 12-2 болды. UFC-дегі бұл оның екінші жекпе-жегі. Ол ұйымдағы дебютін 2024 жылдың наурызында Умар Нурмагомедовке қарсы өткізген болатын. Сол кездесуде қарсыласын алғаш рет нокдаунға түсіргенімен, шешіммен жеңілген еді.

Бекзат UFC-дегі алғашқы жеңісін 2025 жылы тіркеп, осы жылы Қазақстан үшін ұйымдағы алғашқы жеңісті әкелді. Бұған дейін Асқар Алмабаев, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожа өз жекпе-жектерінде жеңілген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз