Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионы атанды.
Ол финалда 11:0 есебімен канадалық Никола Самордичқа есе жіберіп тұрып, үшінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда жеңісті жұлып алды.
Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатының финалына дейін жалпы Иордания, Иран, AIN және Тайпей өкілдерімен кездесіп, жарыс жолынан шығарды.
Айта кетерлігі, әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таэквондошы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.