Барлық облыстарда жаңбыр, найзағай және кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Бүгін еліміздің көптеген аймағында  ауа райы құбылмалы болады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
737
оқылды

Қазгидрометтің хабарлауынша, 11 мамыр  Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында қатты жел соғып, күн күркірейді. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл мен жоғары өрт қаупі сақталады.

Көптеген аймақтарда желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Елдің оңтүстігінде (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл) және батысында (Атырау, Маңғыстау) төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +18+20°C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады деп болжанады.

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +22+24°C. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +30+32°C. Желдің екпіні 5-10 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.