Дубай шоколадының көшірме үлгілері ағзаға зиян. Германиялық ғалымдар танымал десертке қатысты талдау жүргізіп, осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Дубай шоколадынан зиянды қоспалар табылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
917
оқылды

Себебі құрамында зиянды заттардың бірнеше түрі анықталған. Осыдан кейін тәттіні Еуроодаққа тасымалдау тәртібі қатаңдатылды. Тек түпнұсқасын шекарадан өткізуге рұқсат берілген.

«Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан алып келген 8 шоколадқа тексеріс жүргізілді. Соның алтауында өсімдік және пальма майы өндірісінде қолданылатын химиялық қоспалар табылды. Әсіресе, Әмірліктен жеткізілген өнімдерде шамадан тыс мөлшері анықталды. Оған қоса, глицидил эфирі де бар болып шықты», - делінген Штутгарт химиялық зерттеулер басқармасының ақпаратында.

Осыдан кейін Германия тарапы тәтті десерттің шекара асуына біршама шектеу енгізді. Жалған тауар белгісін қолдануға мүлде тыйым салынды. Түпнұсқаны тек белгілі бір мөлшерде тасымалдауға рұқсат. Жалпы, Дубайда кондитерлік өнімге сұраныс аса жоғары емес.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.