10 мамыр күні әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Норвегия мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы матч аяқталды.
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан Норвегияны жеңді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
169
оқылды

Кездесу Данияның Хернинг қаласында өтті және 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында шайбаларды Роман Старченко мен Владимир Волков соқты. Еске сала кетейік, Қазақстан 2025 жылғы әлем чемпионатында В тобында өнер көрсетіп жатыр. Норвегиядан бөлек Олег Болякиннің шәкірттері Чехия, Швейцария, АҚШ, Германия, Дания және Венгрия құрамаларымен кездеседі. Матчтар Хернинг қаласында өтіп жатыр. Келесі ойында Қазақстан Германия құрамасына қарсы ойнайды. Ал Норвегия Чехиямен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.