11 мамырда «Жетісу» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Қайсар, «Ақтөбе» мен «Елімай» командалары ойнайды.
Премьер-лига:  бүгін Қазақстан чемпионаты 8-турының екінші ойын күні
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
761
оқылды

Бүгін сағат 15.00-дe «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, сағат 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда), сағат 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.

Еске салайық, аталған турдың алғашқы ойын күні, 10 мамырда елордалық «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, 1:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, «Астана» қатарынан екі тур бойы жеңіліс тапты.

Аталған турда петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытау» клубын 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.