Бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды 24.kz.
Астанада  Аналар фестивалі өтті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
328
оқылды

Онда концерттік бағдарлама, сән көрсетілімі,  шеберлік және тәрбие сағаттары болды. Сонымен қатар сан саланың мамандарынан тегін кеңес алуға арналған алаңдар жасақталған. Осы арқылы әйелдердің жеке және кәсіби тұрғыда дамуына, бала тәрбиесіндегі жаңашылдықтарға басымдық беріліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальді дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған. 


«Руыңды түзегің келсе, ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды түзегің келсе, қызыңды тәрбиеле» деген даналық бар. Бұл тектен тек айтылмаған, өйткені ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербиелейді. Ана арқылы біз қоғамның көшін түзейміз. Ана мәдениетті болса, ұрпақ та мәдениетті болады. Сондықтан Аналар күніне ерекше мән беріп, ұрпақ мәселесіндегі көптеген мәселені шешеді деп ойлаймыз»,  дейді ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Айша Құрманғалиқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.