Оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болған
Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды
Видеодан скриншот
690
оқылды

Алматы облысында полиция қызметкері жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Polisia.kz мәліметінше, оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болды. Қызметтік аумағын бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады. Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды.

 – Инспектордың батыл шешімі мен азаматтардың жауапкершілігі арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Мұндай оқиғалар полиция қызметкері – жай ғана форма киген адам емес, қоғам қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын тұрған тұлға екенін дәлелдейді. Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және сын сағатта бейжай қалмаған әр азаматқа алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті ведомствода.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз