Іздеу жұмыстарына кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Вьетнамдық турист Алматыда тауға шығып, адасып кеткен
Видеодан скриншот
743
оқылды

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Вьетнам азаматын іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Бостандық ауданының тауларына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, ол теңіз деңгейінен 2510 м биіктікте тауға көтеріліп, адасып кеткен.

Құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданына Шүкір асуы бағытына 5 км жүріп өтіп, адасқан туристі тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Іздеу жұмыстарына кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.

Құтқарушылардың кәсібилігі мен қамқорлығына разы болған турист: - «ҚР ТЖМ құтқарушыларына алғысым шексіз. Мен өте ризамын», – деп шынайы алғыс сөздерін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.