Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды.
Астанада базар аумағындағы қойма өртке оранды (видео)
713
оқылды

Астана қаласының Байқоңыр ауданында базар аумағындағы ангарлық үлгідегі қойма өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Қызыл жалынды ауыздықтауға жоғары өрт жүктемесі және қою түтін қиындық тудырды.

– Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршады, – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.

Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды.

112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.