Mercedes-Benz 140 маркалы көлік айып тұрағына қойылды.
Екібастұзда велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті
Фото: istockphoto
480
оқылды

Екібастұз қаласында велосипед теуіп жүрген жас баланы көлік қағып кетті. Ол жабық бас миының жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда Бұқар жырау және 15-ші Оңтүстік өткел көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz 140 маркалы көлігінің жүргізушісі реттелмейтін қиылыста жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған велосипедшімен соқтығысты. Оқиға кешкі сағат 20:26-да болған. Жедел жәрдем бригадасы жол апаты болған мекенжайға шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. 

– 2016 жылы туған ер бала зардап шекті. Ол жабық бас миының жарақаты, бел аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруімен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Mercedes-Benz 140 маркалы көлік айып тұрағына қойылды. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу бастады.