Қазақстанда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды
Фото: Интернеттен алынды
173
оқылды
Алматыда тағы үш адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар қауіпсіздігі мен бақылау сапасы комитеті. «Қазақстандағы 2020 жылдың 17 наурызындағы 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматыда тағы үш адам коронавирус инфекциясын жұқтырды», – деп хабарлады ведомство. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 13 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 11-і – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда. Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Германияда ем алып жатыр.