Алматыда коронавирус анықталған үш адамның ішінде екі жасар қыз бар, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.Бірінші жағдай – 2018 жылғы қыз. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазіргі уақытта ол Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.
Екінші жағдай – 1966 жылғы ер адам. Ол 10 наурызда Алматыға Мәскеуден ұшып келген.
Үшінші жағдай – 1956 жылға ер адам, ол да Мәскеуден ұшып келген.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 13 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 11-і – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.
Тағы бір қазақстандық Германияда ем алып жатыр.