ІТ бағдарлама зауыттарда еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылмауын қадағалап отырады, – деп хабарлайды 24.kz. Мәселен, жұмысшы қорғаныш каскасы мен арнайы киімін кимесе дереу белгі береді. Төтенше жағдай кезінде эвакуациялаудан бастап, барлық іс-шараны тіркеп, бақылау жүргізеді. Жас өнертапқыштардың жобасы отандық зауытта тестілеуден өтіп жатыр. Жобаны Ильяс Тілеужан мен Сара Сайранова ойлап тапты. Дарынды жеткіншектер ІТ бағдарламаны әзірлеу жолында 1 жылдан астам ізденген. Олар жасаған цифрлық жүйе жұмысшы өндіріс орнына кірген сәттен бастап әр қимылын жіті бақылап отырады. Жасанды интеллект төтенше жағдай кезінде адамдарды тұрған жерін жедел анықтап, оларды қауіпсіз жерге шығаруға бағыт көрсете алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.