Қазақстан спортшысы Мөлдір Жаңбырбай жаттығуға қызымен келген сәтінің видеосы тарады.
Мөлдір Жаңбырбай жаттығуға кішкентай қызымен келді (видео)
Фото: ҰОК
674
оқылды

Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта сынға түседі. Ол еліміздің тарихында каратэден тұңғыш әлем чемпионы.

Еске салайық, каратэден ұлттық құрама Түркістан облысында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Олар бірнеше күннен кейін Азия чемпионатына аттанады. Сайыс Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.