Ресей Федерациясы коронавирусқа байланысты шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойды, – деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин ТМД елдерінің премьерлерімен коронавирусқа байланысты жағдайды жан-жақты талқылады.
«Михаил Мишустин Үкімет басшыларын мемлекет пен тұрғындар денсаулығын сақтау үшін және коронавирустың тарамауы үшін 18 наурыз сағат 00:00-ден 1 мамырға дейін шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойылатынын ескертті» делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Ресейде 93 адам коронавирус жұқтырған. Оның 86-сы жұқпалы, қалғаны вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантинге жатқызылған.