Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады
Фото:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
503
оқылды

Министрлікке тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді.

ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.

Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.