Бүгін Астана қаласындағы Боталы көшесі, 26-үйдің ауласында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында маңызды әлеуметтік іс-шара өтті. Шараны Астана қаласы Полиция департаменті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын отбасылық құндылықтарға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, өзара құрмет пен қолдауға негізделген отбасылық қатынастарды нығайту.
Шара барысында отбасы ағашы отырғызылып, береке мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының және отбасылық татулықтың белгісі ретінде өткізілді.
Балалар өз отбасына деген көзқарастарын суреттер, хаттар және қолдан жасалған бұйымдар арқылы жеткізіп, шығармашылығын көрсетті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан блогер әрі құқық қорғаушы Айтбек Амангелді отбасы тәрбиесінде зорлық-зомбылықсыз ортаның маңыздылығы жайлы ой бөлісті.
Балалар үшін аниматорлармен қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, бұл шараға ерекше көңіл күй сыйлады. Шараға аудан тұрғындары, балалармен келген отбасылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.