MEGA-ның барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды
MEGA-ның барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
MEGA желісінің басшылығы өзінің барлық сауда ойын-сауық орталықтары жабылды. Орталықтарда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Супермаркет күн сайын 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал дәріханалар - 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. «Біз мұны коронавирустық инфекцияның таралуына кез келген қауіп-қатерді болдырмау үшін, сондай-ақ біз мұндай жолға жалға алушылар мен келушілердің көптеген үндеуін ескере отырып барып отырмыз. Біздің алдымызда өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы туралы қамқорлықтың бірыңғай міндеті тұр. Біз осы қиын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз. Тек бірге ғана біз барлық кедергіні еңсере аламыз», – деді бас директор Сейітжан Есмағамбетов. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті.