Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның ашық чемпионатында алғаш рет төртінші айналымға өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
"Спорт Шредингера" телеграм каналының ақпаратына сәйкес, ол үшінші кезеңде Португалия өкілі Энрике Рошуды 7:5, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу екі сағатқа жетпей аяқталды.
Бұл нәтижемен Бублик 265 мың еуро көлемінде жүлде қорын қамтамасыз етті және ATP live-рейтингісінде 49-орынға көтерілді (+13). Турнир аяқталғанша ол топ-50 ішінде қалуы мүмкін.
Келесі айналымда Бублик Ұлыбританиялық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Джек Дрейпермен кездеседі.
Ертең турнирдің төртінші айналымында Қазақстанның тағы бір өкілі Елена Рыбакина Польшадан келген Ига Швентекпен ойнайды. Матч орталық кортта өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз