Дәрігер кеше кісі қолынан қайтыс болғаны анықталды.
"Диапазон" газетінің ақпаратынша, Абай Айсағалиев 23 мамыр күні жоғалып кеткен. Жұма күні оны іздеуге еріктілер да қосылған, ал сенбі күні ол кісі қолынан көз жұмғаны белгілі болды. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды.
«Адам жоғалғаны туралы ақпарат бізге 29 мамырда түсті. Полиция 1956 жылғы ер адамды өлтірді деген күдікпен Ақтөбенің 31 жастағы тұрғынын ұстады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген полицияның ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.