Үстел теннисінен Ташкентте (Өзбекстан) WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды.
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жеті медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
1,743
оқылды

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.

Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.