Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне "Алматы Арена" маңындағы жаңа тұрғын үй кешенінен кең әрі заманауи пәтерлер сыйлағаны белгілі болды. Бір бөлмелі пәтерлердің өзі 52 шаршы метрден басталады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода бұл баспаналардың ешқандай шартсыз, тегін берілгені айтылып, құжаттары заңды түрде рәсімделгені нақтыланды.
Желі қолданушылары Алагөзовтің бұл қадамын жоғары бағалап, оны қызметкерлеріне шын мәнінде қамқор басшы ретінде атап өтуде.