Нұр-Сұлтан емханаларындағы жоспарлы қабылдаулар кейінгі шегеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп: «Емханалардағы жоспарлы қабылдаулар кейінге қалады. Ал шұғыл қабылдаулар жалғаса береді. Бірақ, әр медициналық мекеме шешімді дербес қабылдайды. Біз нұсқау бердік. Яғни, дәрігерге осы аптаға не келесі жұмаға жазылып қойған адамдарды қабылдау кейінге шегеріледі», – деді.