5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды. Құрамға төмендегі гимнастар енді:
Ересектер:
- Милад Карими - еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар;
- Ілияс Әзізов - жекелей көпсайыс;
- Дмитрий Патанин - жекелей көпсайыс;
- Нариман Курбанов - ат снарядындағы жаттығулар;
- Әлішер Тойбазаров - жекелей көпсайыс;
- Роман Маменов - жекелей көпсайыс.
Жасөспірімдер:
- Нұртан Ыдырысов - жекелей көпсайыс;
- Роман Хегай - жекелей көпсайыс;
- Артём Ковалёв - жекелей көпсайыс;
- Владислав Бабушкин - жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар;
- Андрей Терман - жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар;
- Өмірсерік Досжан - қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс.