Қарағандыда 2017 жылдан бері «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр. Бұл игілікті шара өз жемісін де бере бастады.
Иппотерапияның игілігін көруде
231
оқылды

Жақында алғаш рет Паралимпиада ойын­дары мен арнайы Олимпиада бағ­дар­ламасы аясында ат спорты бойынша Қарағанды облысы әкімінің ашық ку­богы өтті.  TURAN-EL спорт орталығы­ның алаңында өткен жарыста тірек-қи­мыл аппараты және ойлау қа­біл­етінде кінәрат бар 30-ға жуық шабандоз бақ сы­нас­ты. Оған Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қос­танай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан спорт­­шылар қа­тысты.

Бейімделген ат спортын дамыту Шы­ғыс Қазақстан облысында басталды. Бұл қоз­ғалысқа Қарағанды облысы да қос­ыл­ды. Жарыс халықаралық стандарттар бойынша ұйымдастырылып, қатысушы­лар­ға қауіпсіз және жайлы жағдай жас­ал­ды. Спортшылар паралимпиадалық ат жарысының элементтерін көрсетті. Ар­найы Олимпиада бағдарламасының ша­бандоздары үшін бейімделген мар­шрут­тар әзірленді.

Өскеменнен келген қонақ Юлия Яковлева иппотерапияның пайдасын атап өтті. Ол «Ақ Тай» мүмкіндігі шек­теу­лі балаларға қолдау көрсету қорында жұмыс істейді. Ат спорты шабандоздар­дың диагнозына қарамастан мүмкіндік­тері шексіз екенін көрсетеді. Жылқымен барлық бұлшық еттердің белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

– Ат үстінде отырған адамның бар­лық бұлшық еті қозғалыста болады. Тепе-­теңдікті сақтау үшін салт мінген адам бойын жинауға, өзінің әрбір дене қи­мылын игеруге жаттығады. Ал ерекше балаларға ең керегі де осы  жаттығу. Бір сөзбен айтқанда, жылқы – табиғи трена­жер, – дейді Юлия Яковлева.

Айта кету керек, Қарағанды облыс­ын­да иппотерапия сабақтары тегін, мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс бо­йын­ша өткізіледі.

– Біз тұрақты түрде иппотерапиямен айналысатын спортшыларды таңдадық. Бұл турнирде бес шабандоз біздің облыс­ы­мыздың намысын қорғады. Нәтиже­сінде, көшбасшылар арасында біздің спорт­шыларымыз бар екеніне қуаныш­ты­мыз, – дейді Қарағанды облысының иппотерапия жөніндегі нұсқаушысы және команданың жаттықтырушысы Амина Есина.

Жеңімпаздардың ұлттық құрамаға кіру­г­е және одан әрі халықаралық жар­ыс­тарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Иппотерапия жобасы облыс бойын­ша дами түспек. Алдағы күндері Темір­тауда жылқымен өтетін сабақтар этно­ауыл базасында басталады, Балқаш пен Қарағандыда да осындай жобаларды іске қосу жоспарланған.

Әдебиет Белгібайұлы, Қарағанды облысы