Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды. Енді заң аясында Қырғызстанмен стра­тегиялық әріптестік Орталық Азия­дағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларына жол ашады деп күтіледі.
Президент қазақ-қырғыз инвесторларын қорғайтын заңға қол қойды
Фото: akorda.kz
397
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 2 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Заң екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін жасалатын қолайлы тәртіп пен шарттарды айқындайды. Аталған заңмен бір тарап­тың екінші тараптың аумағындағы инвес­тицияларын жүзеге асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы ин­вестициялық қызметке байланысты мәселелер реттеледі. Келісім нормаларына сәйкес, кез келген тараптың инвес­торлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы болады, сондай-ақ екінші тарап мемлекеті аумағында толық қорғалып, қауіпсіздікті сақтау қажет.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.