Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөзде айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев сотқа арналған сөзін айтты.
– Өз кінәмді жартылай мойындаймын. Дархан Әскентай хабарласып, көмек сұрағаны рас. Оқиға орнына барғаным рас. Ешқандай төбелес шығару ойымда болған жоқ. "Денсаулығыңды қойып тастайсың" деген әңгіме болған жоқ. Ондай сөзді мен мүлдем айтпадым. Қолымда пышақ болмады, оны ұстамадым да. Төбелес барысында белсенді әркет жасағаным жоқ. Мылтықты бізге қаратып атқан кезде екі рет тепкенім бар, сол үшін кешірім сұраймын, – деді Нұрбол Тоқтаубаев.
Айтуынша, өзі отбасылы, жұмыс істеген. Ол өзіне қатаң емес, жеңіл жаза сұрады.
Бұған дейін Шерзат Полаттың анасы жарыссөзде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағанын жазған болатынбыз.