Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр.
"Нұрқанат Ғайыпбаевты тепкенімді мойындаймын" – Равиль Сакиев
1,013
оқылды

Жарыссөзде айыпталушы Равиль Сакиев сотқа арналған сөзін сөйлеп, Шерзат Полатты өлтірмегенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

– Біреудің жалғыз баласымын. Мылтық атқандарына ашуланып, төбелестім. Барғанда төбелес басталып кеткен. Ол жерге ештеңе білмей бардым. Мен кінәлі емеспін деп айтпаймын, кінәлімін. Нұрқанат Ғайыпбаевты тепкенімді мойындаймын. Бірақ біреуге пышақ сұғылғанын, қайтыс болғанын білмедім. Біреуі мылтықпен атады, біреуі пышақ салады. Мамасы кім, папасы кім қайдан білесіз? Нұрқанат Ғайыпбаевты тепкенімді мойындаймын. Бірақ біреуге пышақ сұғылғанын, қайтыс болғанын білмедім, – деді Равиль Сакиев. 

Равильдің қорғаушысы ретінде танылған анасы да баласының қолында пышақ болмағанын, кінәсі дәлелденбегенін айтты. 

–  Бұл – баланы туған мен, оны жақсы білемін. Ол қылмыс жасамады. Істеген болса мойнымен көтерер еді, – дейді оның анасы. 

Бұған дейін Шерзат Полаттың ісі бойынша жарыссөзде сөйлеген Белғожаевтың сөзі жарияланған болатын.