Франция астанасы Парижде "Ролан Гаррос" додасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Александр Бублик “Ролан Гаррос” турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ҰОК
1,233
оқылды

Сайыстың 1/8 финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик жеңіске жетті.

Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді жеңді.

Ойын төрт сетке созылды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Александр Бубликтің1/8 финалына шыққанын жазған едік.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.