Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olipmpic.kz-ке сілтеме жасап.
Евсеев бұл кезеңге шығу үшін әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген испаниялық Пабло Карреньо Бустамен кездесіп, сенсациялық жеңіске жетті.
Матч екі сетке созылып, Евсеев екеуінде де 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Енді 1/8 финалда қазақстандық теннисші Перу өкілі Игнасио Бусемен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.