Әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісіп, жақында той жасайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, тойға келгісі келетін қонақтардың саны өте көп. Осыған байланысты ойлана келе, тойды тікелей эфирге өткізуді жөн көргенін жеткізді.
«Осынша адам бізге тілектес болып, атсалысады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. «Мен осыған қаншалық лайықтымын?» деп ойлаймын. Қаншама азаматтар, қарындастарымыз «Сәкен аға, сіздің шарапатыңызды көріп едік» деп жатыр. Толассыз хат келіп жатыр. «Әншейін шақыра салыңызшы. Мен тойда жүрейінші» деп жатқан адам жоқ дегенде жүзге жетеді. «Аға, түсініп тұрмын, 700-800 адам сыяды екен. Бірақ барып, атсалыссақ бола ма? Жай жүремін» деп жатыр. Алла бұйыртса, дұрыс қабылдайды деген ойдамын. Әрине, «Сенің тойың кімге керек?» деген пікірлер де міндетті түрде жазылады. Оған иммунитетім қалыптасқан. Бірақ шынында, көргісі келіп жатқандар көп екенін айтқым келеді. Біреу шетелде болады, біреуі денсаулығы болмай жатыр, достарымның ішінде. Сол кісілерге де той нәсіп етсін деген тілегіміз бар. Осындай мәселені ескеріп, тойды тікелей эфирде өткізгенді жөн көрдік. Бірақ оған тіркелу керек екенін құлағдар еткім келеді. Мамандар осы іспен айналысып жатыр, қалай болатыны алдын ала хабарланады», – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.