[caption id="attachment_28567" align="alignleft" width="481"] Ақтоты Боранбаева[/caption] Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранованың хабарлауынша, жол апаттың 95 пайызы жүргізуші кесірінен екен. Жол ережесі мен жол жиегіндегі белгіні сақтамайуы, қауіпсіздік белбеуін тақпауы, балаларға арналған автомобиль орындығы болмауы мен көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуі – негізгі фактор.Соның ішінде бала өлімінің көбеюі, оның алдын алу жолдары қарастырылды. Мәселен, биылғы жылдың екі айында 1893 жол апаты тіркелген. Онда 212 адам қаза болып, 254-і жарақат алған. Соның арасында 17 бала көз жұмған.
– Біз үшін қашанда балалардың өмірі бірінші орында. Жол апаты кесірінен қаншама бүлдіршіннің өмірі қыршын кетіп жатыр. Осының алдын алуда жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз. «Жол қозғалысының жас инспекторлар» қозғалысы жасөспірімдерге жол ережесін үйретіп қана қоймай, жол-көлік апаты жағдайларда алдын-алуы және алғашқы көмек көрсетуі оқытылады. Әр тоқсан сайын профилактикалық шаралар өткізіліп, балаларға арналған автомобиль орындығының қажетін түсіндіріп, қалай пайдалану керегін айтамыз. Мысалы, Ресейде таксиге тапсырыс берсең, баланың бар-жоғын сұрап, автокреслоның керегін анықтайды. Біз де сол күнге жетсек екен, – дейді Ақтоты Боранова.[caption id="attachment_28569" align="alignright" width="439"] Никита Кузнецов[/caption] Бұл тілекке «Яндекс» такси функционалды сервис тобының жетекшісі Никита Кузнецов қосылып, «жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» дегендей мұнымен бір ғана тарап емес, бүкіл қоғам болып күресу керегін» жеткізді. – Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін алдымен ата-ана. Сондықтан ол тапсырыс барысында автокреслоның бар-жоғын анықтау тиіс. Мәселен, біздің қосымшада баланың бар-жоғын көрсететін фунцияны белгілеу керек. Ал жалпы, сіз айтқан ұсынысты іске асыру үшін онымен түбегейлі айналысу қажет. Егер ортаның өзі мұнымен күресуге дайын болмаса, біз де ештеңе істей алмаймыз, – деді ол. Ал «Яндекс» таксидің Орталық Азия бойынша даму нарығына жауап беретін атқарушы директор Тамирлан Шапиевтің мәлімдеуінше, басқа бәсекелестерге қарағанда осы сервисте бала қауіпсіздігіне жауап беруі дұрыс жолға қойылған. Әлемдегі 18 мемлекетке қызмет көрсетіп отырған соң, жол қауіпсіздігіне талап қатты.
Жалпы, жылына жол-көлік жарақатынан 2 мыңға жуық адам өмірден өтеді екен. Оның 25 мыңнан астамы жеңіл-желпі жарақат алса, 800-і мүгедектік санатына қосылады. Еліміздің өзінде күнделікті көлік қақтығысының сегізінде бала болады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жол-көлік жарақатынан қаза болуы әлем бойынша 4-орында тұр. Қазақстанда жол апаты салдарынан 600-ден астам адам әртүрлі жарақат алып, оның 22 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар» дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова. Оның айтуынша, бұл мәселемен бір ғана министрлік емес, мемлекет болып айналысу тиіс. Мәселен, елімізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі бар. Сонда жол-көлік жарақатының мәселесін Үкіметке қарайтын барлық органдар қатысады. Шешуге тиісті үлкен проблеманың бірі ретінде қарап, заң жүзінде қадағалануы тиіс.Мысалы, бала тасымалымен тек білікті маман әрі қолданушылардың арасында жақсы бағаланған жүргізуші айналысады. Әзірге бұл қызмет барлық жерде қосылған емес. Оған сұраныс болса қосар едік. Мәселен, Алматыдағы сервисте автокреслосы бар көлікке тапсырыс беруге болады. Әр жүргізуші қатаң бақыланып, қандай жылдамдықта жүргені, кілт тоқтап, аяқасты бұрылғанын, жол ережесін сақтамағаны арнайы құрылғы арқылы ұялы телефонмен қадағаланып отырады екен.
Шетелдік тәжірибеге көз жүгіртсек, Ұлыбританияда автокреслоны пайдалануы тоқтатылатын екі түрлі өлшемі бар. Мысалы, бала туғаннан бастап 12 жасқа толғанға дейін немесе бойы 125 см болғанға дейін автокресло болуы міндетті. Тіпті, 15 айына сәбидің дейін автокреслосы рөлге қарсы бағытта отырғызуы керек. Осының бәрі заңды түрде қадағаланады. Көрші тұрған Ресейдің өзі 12 айлық сәбиді солай ұстау қажетін ұсынып отыр.– Үкімет заңды түрде автокреслоны міндеттеп тастаған соң, елде жауыннан кейін шыққан саңырау құлақтай өріп кетті. Белгісіз маркіні қойшы, сапасы да нашарлап кеткен. Олардың көбісі жол апаты кезінде баланы қорғамақ түгілі кесірін тигізіп жатады. Сондықтан мұндай құрылғылардың сертификатталғанын, жарамдылық мерзімін тексеріп алу қажет, – дейді «Қауіпсіз қозғалыс» эксперттік орталықтың сарапшысы Елена Борисенко. Қызығы, елдегі сатылып жатқан автокреслоның 74 пайызы Қытайдан тасымалданады екен. Алдымен бала тасымалында автокреслоны әке-шеше талап етуі керек. Әрине, бұл мәселені түбегейлі жоймайды. Әйткенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, көлікте автокреслоның болуы әрі оның сапасын заң жүзінде қадағалаған жөн. Бұған үкімет қана емес, ел-жұрт боп әрекет етеді деген үкілі үмітіміз бар. Кім-кімге де өз жанынан гөрі баласының өмірі қымбат қой. Сондықтан ойлан қаза, оян қазақ!