8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың хабарлауынша, жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.
Румен Радев – Болгария Республикасының бесінші президенті. 2016 жылдың қарашасында ол сайлаушылардың 60% дерлік дауысын жинап, тікелей дауыс беру арқылы президент болып сайланды. Ол 2017 жылдың 22 қаңтарында президент қызметіне кіріскен. 2021 жылдың қарашасында Румен Радев президенттік сайлауда жаңа мерзімге қайта сайланды. 2016 жылға дейін Болгария әуе күштерінің қолбасшысы болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.