Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.