Бұдан басқа, сот прокурордың атына жеке қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю.Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.
Шерзат Полатты өлтірген Шынасыл 23 жылға, қалғаны 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
1,375
оқылды

Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық бабы бойынша кінәлі деп танып, оларға барынша қатаң жазалар тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

  • Абзал Шынасылға екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Равиль Сакиевке бір аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Азамат Тоқтаубаевқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, 15 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Нұрқияс Ильясовқа ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, 9 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев және Дидар Қалиахметке ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн теңге, Сакиевтен – 30 млн теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Бұдан басқа, сот прокурордың атына жеке қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.