"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде, 7-9 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада 7 маусымда аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +25...+27°С.
8 маусымда аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +20...+22°С.
9 маусымда аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +22...+24°С.
Алматыда 7 маусымда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +30...+32°С.
8 маусымда аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +28...+30°С.
9 маусымда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +31...+33°С.
Шымкентте 7 маусымда аспан бұлтты, түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +29...+31°С.
8 маусымда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +33...+35°С.
9 маусымда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +30...+32°С.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.